Ашылу салтанатына ҚМГ, ММГ басшылығы, сондай-ақ спортшылар қатысты. Іс-шара шымылдығын ашқан ҚМГ Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ерболат Сәрсенов қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.
Додада 400-ден астам мұнайшы он бір түрлі спорт түрінен бақ сынайтын болады. Олардың қатарында арқан тарту, армрестлинг, асық ату, баскетбол, волейбол, киберспорт, шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және шахмат бар. Спартакиада 13 шілдеге дейін жалғасады.