К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қыркүйек 13:32

Ақтауға келген G7 елшілері қос портты аралады

Жақында Маңғыстауға жұмыс сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю.Василенко бастаған ЕО және G7 елшілерінің делегациясы Құрық порты паром кешені мен Ақтау портын аралады.

Меймандар Ақтау портында Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев бастаған «АТСП» ҰК» АҚ басшылығымен мұнай құю айлақтарын аралап, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-ның «Ақтау» танкеріне барып, астық және құрғақ жүк терминалдары, сондай-ақ болашақта дамитын аумақтарымен танысты. Сапар барысында қонақтар бүкіл отандық көлік саласын дамытуға жаңа серпін беру үшін жасыл энергетика және инвестициялар саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.  

Ал Құрық портында «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Серік Ахметов келген қонақтарға паром кешенін дамытудың перспективалық бағыттары туралы айтып, өндірістік нысандар бойынша экскурсия өткізді. Сапар аясында делегация паром кешенінің қызметі және инфрақұрылымымен танысты.

Шахида Жұман

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"