Сессия барысында озық халықаралық тәжірибені зерттеуге арналған теориялық бөлімнен бөлек, мұнай-газ кәсіпорындары үшін экологиялық қауіпсіз ұсыныстар әзірленді.
Бұл ұсыныстар ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына жіберіледі. Бұған дейін осындай сессияларды «Ембімұнайгаз» және «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары ұйымдастырған. 2025 жылы осындай 7 технологиялық сессия өткізу жоспарлануда.
Іс-шараны «Самғау» ҒТБО ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ұйымдастырды. Шараға 100-ден астам шетелдік және отандық салалық сарапшы қатысты.
«Самғау» ҒТБО – «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы ғылыми әзірлемелерді іріктеу және одан әрі қаржыландырумен айналысатын коммерциялық емес ұйым.