К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қазан 15:16

Ақтөбеде логистикалық орталық ашу жоспарланып отыр

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағында 3,2 гектар аумақта заманауи талаптарға сай логистикалық хаб салынады.

Нысанның құрылысы биыл басталады деп жоспарланып отыр.

«Ақтөбе облысында пошта қызметі жақсы дамыған. Облыста 199 пошталық бағыт бар. Биыл «Қазпошта» инновациялық пошта терминалының құрылысын жүзеге асыру бойынша облыс әкімдігімен меморандум жасасты. Бұл жобаны Мемлекет басшысы қолдап отыр», – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.