Медет жас болса да бастамашыл идеяларымен көзге түсіп жүрген өнертапқыш, ҚТЖ жастар лагерінде жобалары үздік танылып, талай рет жүлде алған. Жас басшыға бөлімшедегі ең үлкен де күрделі станцияның жұмысын ұйымдастыру, жетілдіру жүктеліп отыр.
Бүгінде станцияда 240 маман болса, оның 60-тан астамы отыз жасқа дейінгі жас маман. Жұмыс көрсеткіштері жоғары. Жоспар талапқа сай орындалуда. Станцияда 11 айдың көрсеткішінде 908 168 вагон жөнелту жоспарланса, іс жүзінде 933 845 вагон жөнелтіліп, жоспар 103 пайызға орындалған. Автоматтандырылған сұрыптау дөңесінен өтетін вагондардың саны да жоспардан артық. Он бір айда 895 532 вагон өткен.
"Жыл сайын Қандыағаш станциясында жұмыс көлемі артпаса, азайып жатқан жоқ. Менің мақсатым – осы станцияны тек бөлімше ғана емес, ҚТЖ көлеміндегі алдыңғы қатарға шығару үшін еңбектену", – дейді жаңа тағайындалған станция басшысы.