Ақтөбе теміржол вокзалы бастығының орынбасары Жанна Иманованың айтуынша, 2024 жылдың желтоқсан айының соңында алғашқы сапарға шыққан жолаушылар пойызы аптасына екі рет қатынайды.
– Жалпы Ақтөбе арқылы бірнеше халықаралық пойыздар қатынайды. «Ташкент-Москва» бағытындағы пойыз аптасына екі рет, бейсенбі және сенбі күндері өтеді. «Москва-Ташкент» кері бағыты да аптасына екі рет, сейсенбі және жексенбі күндері өтеді. Бұл жаңа жылдан бастап өзгерген кесте. Сонымен қатар қазір аптасына екі рет «Бішкек-Москва» бағытына қатынайтын пойыз да бар. Дүйсенбі және бейсенбі күндері жүреді. Кері бағыт дүйсенбі және жұма күндері өтеді, – деді Жанна Иманова.
Бүгінгі күні Ақтөбе вокзалы 15 жұп, яғни 30 жолаушылар пойызын қабылдап-жөнелтеді. Сонымен қатар өткен жылдың соңында «Шалқар-Ақтөбе» бағытына қосымша пойыз қосылған. «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша қатынайтын коммерциялық №630/629 пойызы 22 қазаннан бастап күнара жолаушы тасымалын жүзеге асырады.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"