"Бұл кездейсоқ келе салған жүлде емес. Қазіргі таңда компания технологиялық қамту көрсеткіштері бойынша әлемдегі ең озық электр желілері компанияларының деңгейінде. Ең басты фактінің бірі – "KEGOC" компаниясының өндірістік процестерін цифрландыру жөніндегі жұмысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды платформасында айтылған "Заманауи, "ақылды" технологиялар енгізу арқылы энергетикалық жүйені модернизациялау" туралы тапсырмасын жүзеге асырумен тікелей байланысты", - дейді ол.
Оның айтуынша, "KEGOC" АҚ "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Smart Grid" элементтерін бірнеше жоба арқылы енгізіп жатыр. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының электр желілері жүйесін жаңғырту міндеті орындалмақ.
Саладағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жаңа электр нарығы іске қосылғаны атап өтілуде.
Компания басшысы KEGOC тұтынушылар тарапы жағымды өзгерістерді, атап айтсақ мәліметтерді өңдеу уақыты азайғанын, бүкіл қажетті ақпараттарды, соның ішінде, төлем құжаттарын бір орталықтан алу мүмкіндігі пайда болғанын сезінгенін келтіреді. Бұдан өзге, тұтынушының жеке кабинеті арқылы, яғни, энергия нарығындағы 300-ге жуық субъект келісімшарттардың жай-күйі мен статистикалық ақпаратына, қаржылық құжаттарға қол жеткізіп, есептерді бақылай алмақ.
"Осы жылдың соңына дейін көлемдерді сәйкестендіру актілеріне, коммерциялық есеп құрылғыларын сәйкестендіру актілеріне электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою тетігін енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни құжаттарға қағазда қол қойып, мөр басылмайды. Бұл жұмысымызды, әсіресе арнайы филиалдардағы қызметкерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді, сондай-ақ поштамен хат жіберуге кететін шығынды азайтады. Сонымен қатар, келесі жылы электр қуаты нарығымен байланысты қосымша құрамдас бөлікті енгізу арқылы жүйенің қызметін кеңейту жоспарланып отыр", - деп әңгімелейді Бақытжан Қажиев.
Толығырақ сұхбаттың өзінен оқи аласыздар.