К 30-летию Независимости Казахстана | 01 маусым 09:07

«Алакөл-2020». Курортқа пойызбен қалай жетуге болады

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Алакөл демалыс аймағына дейін теміржол билеттерінің сатылымы басталды.

Билеттерді келесі бағытта жүретін пойыздарға сатып алуға болады.

2 маусымнан бастап №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» және №22/21 «Қызылорда - Семей» пойыздары құрамында «Алматы - Достық» вагондарына, жиілігі - күнара; 2 маусымнан бастап №121/122 «Нұр-Сұлтан - Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» пойыздары құрамында «Нұр-Сұлтан - Достық» вагондарына, жиілігі - күнара; 12 маусымнан бастап №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, жиілігі - аптасына екі рет.

Алакөлге дейінгі бағытта жоғары сұранысты ескере отырып, келесі пойыздардың қозғалысы басталуы мүмкін:

№13/14 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет; №258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық», аптасына 2 рет; №453/454 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет; №457/6941//6942/458 «Семей - Шар – Достық», күнара; №459/6941//6942/460 «Өскемен - Шар – Достық», күнара.