Өткен жылы Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілгені атап өтілді. Еліміздің оңтүстік өңірінен үлкен ағын байқалды – 118 мың адам. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, ШҚО-дан – 52 мың. 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі қолданыста болады.
Жәнібек Тайжанов «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, әуе компанияларымен және автотасымалдаушылармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальды тасымалдауды (көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау) қалыптастыру мәселесін қарайтынын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша интермодальдық тасымалдарды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады.