К 30-летию Независимости Казахстана | 28 мамыр 13:45

Алакөлге қатынайтын Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздары кондиционерлермен жабдықталады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жалпы вагон паркінің (2,1 мың бірліктен астам) 76%-ы ауаны баптау жүйесімен жабдықталған.  

Вагондар паркінің 24%-ында техникалық жағынан өндіруші зауыттың конструкциясы бойынша кондиционерлер қызметі қарастырылмаған. Бұл вагондарды пайдалану жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша бекітілген ережелерінің талаптарына, сондай-ақ, техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес келеді.

Барлық купелер мен плацкарттарда терезелерді ашу мүмкіндігі бар. Алайда төтенше жағдай кезінде ғана ашуға рұқсат етілген терезелерді әдетте қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ, Алакөл көлінің бағытында 100% кондиционермен жабдықталған пойыздар жүретін болады.

Ауаны баптау жүйесі жоқ вагондардың қызмет ету мерзімі таяған кезде, олар қолданыстан шығарылады. Барлық заманауи вагондар кондиционерлермен жабдықталған.