Қазақстандық делегацияны "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері Марлен Көкірекбаев, Қытай тарапын - "Үрімші темір жолы" ЖШҚ халықаралық тасымалдау департаментінің директоры Ли Кай бастап барды.
Номенклатуралық жүктерді тасымалдау және беру шарттары бойынша пікір алмасты. Достық-Алашаңқай аралығында екінші жол салу мәселелері және Достық - Мойынты учаскесінің өткізу қабілетін кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігі қаралды:
осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап - 24 пойызға дейін, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап - 40 пойызға дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 пойызға дейін.
Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім осы жылдың қазан айында Қазақстан мен Қытай темір жолдарының аралас комиссияларының кеңесінде айтылатын болады.