Қоғамдық тыңдауларға жергілікті атқару органдарының, тапсырыс берушінің, жобалаушының («Eco-Logic» ЖК) өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Ұйымдастырушылар қоршаған ортаны қорғау бөлігі туралы толық ақпаратты беріп, жобаланатын тазарту құрылыстарының ерекшеліктері туралы айтты.
Жобаның экологиялық құрамдас бөлігінен басқа Қоғамның өкілдері дәстүрлі түрде бос жұмыс орындарының болуы және жұмысқа орналасуға қойылатын талаптар, жақын маңдағы ауылдардың аумақтарын жинау және жолдарды жайластыру бөлігінде кәсіпорынның көмегі сияқты әлеуметтік мәселелерге алаңдайды, олар жергілікті тұрғындардың балаларын «Алайғыр» БК» ЖШС қаражатының есебінен жоғары оқу орындарында оқыту мүмкіндіктері жөнінде өз қалауларын білдірді.
Жергілікті қоғамның ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, жобалық материалдар келісілді, қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы ecoportal.kz тұғырнамасында және жергілікті атқару органының сайтында жарияланатын болады. Енді материалдар мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолданады.