Мерейтойлық отырыс халықаралық теміржол тасымалдарын дамытудың мақұлданған тәсілдерін іздестіру, қатысушы елдердің жетістіктерін және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау алаңына айналды. Жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, инфрақұрылымды жаңғырту, қағазсыз технологияларға көшу, басқарудың зияткерлік жүйелерін енгізу, сондай-ақ кадрларды даярлау мәселелеріне назар аударылды.
Премьер-министр теміржолдардың экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтіп, Конференция өткізу сындарлы диалог пен елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға мүмкіндік тудыратынын атап өтті. Олжас Бектенов қатысушыларға Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын хабарлады – осы жылдың наурыз айында жаңа Конституция қабылданды, ол экономикалық дамуға тың серпін бермек.
— деп атап өтті Олжас Бектенов. Өз сөзінде ол еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі арттыруға назар аударды.
«Біздің ортақ мақсатымыз – Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру. Қазақстан – жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен $35 млрд қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу»,— деп атап өтті Премьер-министр.