Аталған міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеу ҚМГ компаниялар тобының қаржылық жағдайын жақсарту, қарыздарын басқару және ақша ағындарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде мүмкін болуда.
Еске сала кетейік, ҚМГ, 2016 жылы халықаралық мұнай трейдерлері арасында ТШО мұнайы көлемінің 20%-ын сату бойынша тендер өткізді. ТШО акционері ретінде оның мұнайын сатып алуға ҚМГ-ның басымдық құқығы бар. Мұнайды сатып алу құны, жөнелтудің тұрақтылығын қамтамасыз ету және төменгі бағамен ұзақ мерзімді аванс беру тендердің негізгі шарттары болды. Тендердің қорытындысы бойынша ірі халықаралық трейдер болып табылатын "Vitol" компаниясымен 2020 жылдың сәуір айына дейін 3 млрд доллар аванс сомасына келісімшартқа қол қойылды.
ҚМГ ұзақ мерзімді аванс шеңберінде алынған қаражатты еншілес компанияларды қаржыландыру, Қашаған жобасына инвестиция салу, қарыздарға қызмет көрсету және тағы да басқа мақсаттарға жұмсады.
2017 жылы мұнайды жеткізу жөніндегі міндеттерді ішінара орындағаннан кейін және сәйкесінше аванс сомасы 2 млрд долларға дейін төмендеген соң, ҚМГ 2021 жылдың сәуір айына дейін тағы 1 млрд доллар көлемінде қосымша аванс алды.
Міндеттердің орындалуына қарай аванстың қалдығы біртіндеп азая түсті. Айталық, 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аванс қалдығы 3 млрд доллар, 2017 жылдың 31 желтоқсанында – 2,75 млрд доллар, 2018 жылдың 31 желтоқсанында – 2,25 млрд доллар, 2019 жылдың 31 наурызында – 1,84 млрд доллар, 2019 жылдың 30 маусымында – 1,05 млрд доллар, 2019 жылдың 30 қыркүйегінде – 404 млн долларды құрады. 2019 жылы аванс қалдығының жедел төмендеуі ҚМГ тарапынан міндеттерді қарқынды орындауына байланысты болды (межені қарқынды бағындыру көлемі 1,270 млрд долларды құрады).
Аванс толық өтелгеннен кейін мәміленің барлық тараптары арасындағы мұнайды жеткізу жөніндегі келісімшарттардың күші олардың әрекет ету мерзіміне дейін (2021 жылдың бірінші жартысы) сақталмақ.