Ақпараттық тур қатысушылары Б. Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО мен Батыс жылу кешеніне барды. «АлЭС» АҚ-ның дәл осы екі объектісінде атмосфералық ауадағы эмиссияларға мониторинг пен бақылаудың автоматтандырылған жүйелері орнатылған (МАЖ).
Almaty.tv, «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттері сияқты БАҚ-тың журналисттері кірген делегация өкілдерімен станция басшылары және мамандары кездесті. Сонымен қатар, олар орнатылған жабдықтары бар блок-контейнерлерді, датчиктер орналастырылған құбырларды, датчиктерден ақпарат ағыны келетін БЖК қалқанын қарады, станцияның экологтарымен кездесті.
«АлЭС» АҚ мамандарының айтуы бойынша, қазіргі уақытта 1-ЖЭО және БЖК МАЖ жүйелері тестілік режимін өтуде. Экология Министрлігінің дерекқорымен біріктіру және деректерді тасымалдау арнасын баптау жүргізіліп жатыр. 1-ЖЭО бойынша экскурсияны ӨТБ бастығы Айбек Шаяхметов өткізді. Ол өлшеу учаскесінің +42,5 м белгісінде, ал түтін мұржаларының биіктігі 80 м екенін түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда МАЖ тестілік режимде жұмыс істеп тұр, 1-ЖЭО-дан деректер АлЭС бас кеңсесіне беріледі.
БЖК-дағы ауа мониторингінің жүйесімен тур қатысушыларын ӨТБ бастығы, Владимир Сосницкий таныстырды. Ол жабдықтарды монтаждау 2023-2024 жылдарда жүзеге асырылғанын айтты, ал ағымдағы жылдың жылу маусымының аяғында жүйені тестілік іске қосу жүзеге асырылды. Дитчиктерден келген ақпарат БЖК-да ұйымдастырылған автоматты жұмыс орындарына келе бастады. Қазіргі уақытта МАЖ-ды авариясыз пайдалануды жүзеге асыру және қызмет көрсету үшін персоналға оқыту жүргізіліп жатыр.
Станцияға бару қорытындылары бойынша Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Данияр Алимсейтов журналисттерге түсініктеме берді. Ол атмосфералық ауадағы эмиссияларға мониторинг пен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін орнату бойынша «АлЭС» АҚ-да жүргізілген жұмыстардың қала үшін маңызын айтты. Екі станция құбырларында орнатылған алғашқы жеті датчиктің Германияда өндірілген, заманауи және нақты екенін атап өтті. Олар тасымалдайтын ақпарат «АлЭС» АҚ өндірістік объектілері шығарындыларының деңгейін және түрін қадағалауға, олардың көлемін нақтылауға, шоғырланудың біржолғы немесе орташа тәуліктік рұқсат берілген нормаларынан аспауын анықтауға мүмкіндік береді. Ол шығарындылардың әрбір түрі бойынша нормативтер экологиялық заңнамамен бекітілгенін еске түсірді.
«Қазір жүйе тестілік режимде жұмыс істеп тұрған уақытта, АлЭС пен «Электронды үкімет» Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы болып табылатын, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында желілерді баптау жүріп жатыр. «ҰАТ» АҚ мамандары жұмысты қабылдап, жүйені тестілеу қажет, олар рұқсат берген сәттен бастап, датчиктерден ақпарат Экология және табиғи ресурстар Министрлігіне барып түседі, – деп хабарлады ол. – Сәйкесінше, шешімдер мониторинг нәтижелері бойынша да қабылданатын болады. Атап айтқанда, РШШ бойынша рұқсат берілген нормалардан асқан жағдайдағы айыппұлдар туралы».
Естеріңізге сала кетейік, айыппұлдар РШШ-дан асып кетуге пропорционалды болып келеді, және экологиялық заңнаманың бұл бөлігінде алдын ала ескерту қарастырылмаған.
Ал болжамдарға келетін болсақ, «АлЭС» АҚ-да мониторинг жүйесін іске қосуды жоғары экологиялық тиімділік мәселелерін жүзеге асыруға жүйелі, кешенді қарауды ары қарай дамыту үміттерін байланыстырып отыр. Бұл жерде МАЖ-ды іске қосу компанияның имиджін жақсартуға септігін тигізеді, оны жұмыскерлер үшін тартымды етуге және әлеуметтік шиеленісті төмендетуге үлесін қосады деп есептейді.