Ұшақ Гамбургтегі (Германия) Airbus корпорациясының әуе құрылысы зауытынан тікелей әкелінгені хабарлануда. Әуе кемесі, "Air LeaseCorporation" компаниясынан, операциялық лизингке алдағы 12-18 айда А321LR жеті ұшағын өндіруші зауыттың өндірістік қуатына байланысты жеткізу туралы келісім шеңберінде сатып алынған.
А321LR – бұл "A321neo" ұшағының ең жоғары ұшу салмағы ұлғайтылған алыс магистарльды нұсқасы, сондай-ақ фюзеляждың құрылымы оңтайландырылған. Әуе кемесінің 16 орынға есептелген бизнес-санат және 150 орынға арналған эконом-санат жиынтығы бар.
Бизнес-санатта 16-дюймдік мониторлармен жабдықталған толық жазылатын креслолар орнатылған. Оның төртеуінде ұлғайтылған жеке кеңістік бар. Эконом-санатта 10-дюймдік жеке экрандармен жабдықталған, ұзақ ұшуға жайлылығы жоғары "Recaro" өндірушісінің креслолары орнатылған. Бизнес және эконом санат креслоларының салонын, перделерін және қаптамаларын қаптау дизайны "Эйр Астана" үшін арнайы әзірленген және ұлттық нақыш сипаттарымен толықтырылған талғампаздық пен әсемдік үйлесім тапқан.
Бортта "Эйр Астана" жолаушыларының көңілінен шыққан, әуе компаниясының "Boeing 757", "767" ұшақтарында, сондай-ақ жаңа "Airbus A320neo/A321neo" ұшақтарында қолданылатын "Zodiac (RAVE)" өндірушісінің дербес ойын-сауық жүйесі орнатылған.
Ұшақ екі "Pratt&Whitney" қозғалтқышымен жабдықталған, олар отын шығынын 20%-ға, техникалық қызмет көрсету шығындарын 5%-ға, атмосфераға көміртегі шығарындыларының санын 20%-ға, ал дыбыс ізінің деңгейін алдыңғы буын ұшақтарымен салыстырғанда 50%-ға төмендетеді. Жаңа "А321LR" ұшағы "Эйр Астана" флотындағы "Boeing 757" ұшақтарын кезең-кезеңмен ауыстыруға арналған, бұл сондай-ақ әуе компаниясының флотымен өндірілетін шығарындылардың жалпы көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта "Эйр Астана" флотында "Airbus" тобының 19 ұшағы: сегіз" А320" және төрт "А321", үш "А320neо", үш "А321neo" және бір "A321LR" бар. 2020 жылдың соңына дейін "Airbus" паркін тағы 10 ұшаққа көбейту жоспарлануда.