«Манас» халықаралық әуежайы жаңа тұрақты рейстің лайнерін дәстүрлі су доғасымен қарсы алды. Жолаушыларды Қырғыз ұлттық киімдеріндегі қыздар тәттілермен жылы қарсы алды.
QAZAQ AIR әуекомпаниясының баспасөз қызметі атап өткендей, жаңа тұрақты әуе қатынасы туристік және іскерлік жолаушылар ағынын тартып қана қоймай, екі елдің көптеген салалардағы ынтымақтастығына оң әсерін тигізеді.
Жолаушы Қасым Мұхаммед Бішкекке алғаш рет ұшып келді. Оның айтуынша, ұшу өте жайлы өтті, әрң уақыттың жылдам өткені байқалмай қалды. Ол әуе компаниясына өркендеу мен қауіпсіз рейстер тілей отырып, алдағы уақытта рейстер саны көбейетініне сенім білдірді.