Бұл туралы Baq.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Алғаш рет қазақстандық «Optograd» компаниясының өнімдері жерүсті көлігімен Оманның Суэйк портына жеткізілді.
Жобаға қатысқан компаниялар болашақта Алматы-Масқат бағытындағы құрлық жолының мерзімі 12-14 күнге дейін қысқаруды жоспарлып отыр, ал оның бәсекеге қабілеттілігі екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Оман қазақстандық тауарларды аймақтағы және Африкадағы елдерге жеткізу үшін перспективалы транзит бағытына айналуы мүмкін деп пайымдайды.