Аталған бағыт бойынша пойыздардың жүрісі келесідей даталар бойынша тоқтайды:
Осы жылдың 8, 10, 12, 14 желтоқсанында Алматыдан жөнелту арқылы, Петропавлдан 9, 11, 13, 15 желтоқсанда келу / жөнелту.Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін өзгерту туралы ақпаратты «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы ала алады.