Бұған дейін ЖЭО-н жаңғыртудың төрт жобасы қарастырылып келген болатын.
Үкімет қоғамдық пікірді ескере отырып, қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыруды мақұлдады.
«ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен» делінген ҚР Премьер-министрінің ақпараттық ресурсында.
Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.