К 30-летию Независимости Казахстана | 23 ақпан 11:57

Алматы 2-ЖЭО шығарындыларын 83%-ға қысқартады

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Алматы қаласы тұрғындарының өтінішіне берген жауабында айтты, деп хабарлайды SKnews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының экологиялық мәселелерін шешу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілген. Ол 2019 жылы Алматы жылу электр орталықтарының атмосфераға бөлетін зиянды заттарының жалпы үлес салмағы 34% болғанын атап өтті. Оның ішінде 2-ЖЭО үлесі – 26% (37,8 мың тонна) болса, 3-ЖЭО үлесі – 8% (11,7 мың тонна).

«Атмосферадағы ластаушы заттарды азайту мақсатында Үкімет пен Алматы қаласының жұртшылығы Алматы 2-ЖЭО қазандықтарын газға көшіріп жаңғырту нұсқасын мақұлдады. Бұл 2-ЖЭО шығарындыларының үлесін 83%-ға азайтады (37-ден 6 мың тоннаға дейін). Қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ «Алматы 2-ЖЭО-н қоршаған ортаға ықпалын азайтып жаңғырту» техникалық экономикалық негіздемесін әзірледі. Ол қазір мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізіліп жатыр», – деді Премьер.

Жобалық-сметалық құжаттаманы 2022 жылы аяқтап, одан соң қазандықтарды қайта құру жобасын 2025 жылға дейін бітіру жоспарланып отыр.