Жаңа тармақтың Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін маңызы зор, бұл Алматы торабына жүктемені 40% төмендетуге және жүктерді жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жұмыстар ұзындығы 20 км болатын учаскелерде жүргізілуде, 100 астам арнайы техника бірлігі мен 300 жуық адам жұмылдырылды. Негізгі жолдың жалпы ұзындығы 75 км, станциялық жолдар - 50 км. Жалпы жоба аяқталғанға дейін 125 км темір жолы салынады.
Сондай-ақ, жобада көлемі 6,5 млн м3 жер жұмыстары жүргізіліп, 18 көпір, Жетіген станциясында бір автожол өткелі, түрлі диаметрлі және конфигурациядағы 49 су өткізу құбыры салынады.