К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қыркүйек 14:30

«Алматы-Байсерке-Талғар» магистральді газ құбырының екінші тармағы іске қосылды

Жоба Алматы ЖЭО-ларын газға көшіру жөніндегі президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Салтанатты шарада Жақыпов газ құбырының екінші тармағындағы газ-ауа қоспасын ығыстыру арқылы газ беру технологиялық процесін іске қосты. Алматы энергетикалық кешені үшін газ тасымалдайтын инфрақұрылымның дайын екенін білдіретін газ алауы жағылды.

 

Жақыпов екінші тармақтың іске қосылуы - ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үлкен жобаның маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Жоба арқасында халыққа газ сенімді және үздіксіз тасымалданады, сондай-ақ ЖЭО-ның экологияға келтіретін зиянды әсері азаяды.

Алматы энергетикалық кешені үшін газ инфрақұрылымын Қордың портфельдік компаниясы «QazaqGaz-дың» еншілес ұйымы – «Intergas Central Asia» салып жатыр.