Қазіргі таңда «ақылды» жүйе Алматы локомотив пайдалану депосының 12 локомотивіне орнатылған.
«Борттық жүйе пойыздардың қарқынды қозғалысы мен өткізу қабілеті жоғары учаскелерде кесте бойынша пойыздың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуге арналған. Жүйені пайдалану қымбат тұратын сигналдық-бұғаттау кабельдері мен байланыс желілерін тартудан, бағдаршамдар орнатудан және рельстік тізбектер жабдықтарынан толықтай бас тартуға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл көлік инфрақұрылымына салынған инвестициялардан едәуір қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа енгізілім ҚР мен ҚХР арасындағы пойыздар алмасуын жақсарту мәселелерінде маңызды болып табылады», – деді Қанат Көбесов.
Аралық реттеу жүйесін пайдалану пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін едәуір арттырады. Жүйе машинистің өзіндік электронды көмекшісі болды. Оның кабинасында ол сигналдық көрсеткіштері мен жылдамдық шектеулерін: максималды рұқсат етілген, 1 км/сағ дәлдікпен рұқсат етілген және пойыздың нақты жылдамдығын көрсетеді. Жүйе егер машинист жағдайға жауап бермесе, жылдамдықты асырса, бағдаршамның тыйым салған белгі беруі көрсеткішін елемесе ескертеді. Сапардың барлық оқиғалары, соның ішінде штаттан тыс жағдайлар туралы ақпарат тіркегіште сақталады.
Радиоарна бойынша барлық ақпарат локомотивтен жол бөлімшесіндегі стационарлық жабдыққа түседі, ол арқылы пойыздың орналасқан жерін және рұқсат етілген қозғалыс параметрлерін анықтауға болады.