К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қыркүйек 14:27

Алматы екінші ЖЭО-н газдандыру негіздемесін әзірлеу аяқталуға жақын

«Алматы 2-ЖЭО-н қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы бойынша іс-шаралар аяқталу үстінде. Қазіргі  таңда «КазНИПИЭнергопром»» АҚ жобалау институты аталған жобаның техникалық экономикалық негіздемесін нақтылау жұмысын аяқтап, 2021 жылдың соңына дейін «Мемсараптама» РМК-дан оған қатысты оң қорытынды алуды көздеп отыр.

Бүгінде, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жасаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындау аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары Алматы қаласында және Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Одан өзге, «Самұрық-Энерго» компаниялары «Бу-газ қондырғысы негізінде станция қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту» жобасын жүргізіп жатыр.  Сонымен қатар Алматы ЖЭО-3 бойынша газға ауыстырудан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынудың ең жоғары жүктемесін жабу мақсатында маневрлік режимдегі станция жұмысын қолға алу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жобаның ТЭН-ін әзірлеу жұмыстарын 2022 жылдың 3-ші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Алматы қаласын жылумен және электр қуатымен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы энергокешенін газдандыру аясында,  «Қуаты 200-250 МВт-тық БГҚ салу арқылы ЖЭО-1-ді кеңейту» жобасы қарастырылғанын хабарлаймыз. Бұл жоба ТЭН-ін әзірлеу жұмыстарын 2022 жылғы 3 тоқсанның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, Алматы ЖЭО-1 энергокешені 2017 жылдан бері газдың негізінде жұмыс істейді.   

Жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен шығатын зиянды заттарды жылына 50,4 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес компаниясы Алматы энергокешені құрамындағы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен бірлесе Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабельдік желілер мен қосалқы станцияларды қайта жаңарту жобасын қолға алуда. «АЖК» АҚ 2022-2030 жылдар кезеңіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың нақты көлемін алдын ала анықтады.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабель желілерін қайта жаңарту жобасын іске асыруға кабель желілерінің физикалық тозуы негіз болып отыр. Тозудың жыл сайынғы өсуі желілерді қайта жаңарту және жаңа салу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап етуде.

2020 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қарасты 10-6-0,4 кВ кабель желілерінің жалпы ұзындығы 5 177,7 км құрайды, оның ішінде Алматы қаласы бойынша - 4 709,6 км және Алматы облысы бойынша - 468,2 км.

Алматы қаласы бойынша шамамен 2500 км құрайтын кабель желілерінің қызмет ету мерзімі нормативтен тыс кезеңге өтіп, техникалық талаптарға сай келмей қалған, тіпті 948 км кабель желісі 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді.

Желілердің тозуы жыл сайынғы авариялар санының көбейіп, электрмен жабдықтау процесіндегі жиі үзілістерге әкелуде, бұл электр қуатының жетіспеуіне, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын қосымша шығындарға әкеліп отыр. Желідегі зақымданудың негізгі себептері: оқшаулаудың тозуы, тығыздықтың бұзылуы, кабель қабығының коррозиялық тозуы.