"Алматы жастары" бағдарламасына қатысушы төлем қабілеттілігін тексеру үшін келесі құжаттарды дайындауы қажет:
Банктен төлем қабілеттілігін тексеруге жолдама; Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат; Неке қию/некені бұзу туралы куәлік /сот шешімі/ қайтыс болу туралы куәлік; Балаларының туу туралы куәлігі; Барлық міндетті төлемдерді көрсете отырып (қажет болған жағдайда), жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 ай үшін)."Қажет болған жағдайда Банк қосымша құжаттарды талап етуге құқылы екенін есте ұстаған жөн. Барлық құжаттар түпнұсқада ұсынылады. Сондай-ақ, несие өтінімін берген кезде заем алушы/заемшылас жұбайының қатысуы міндетті" делінген Отбасы банкінің ақпаратында.