Алматы коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты "сары" аймаққа өтті, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде қолға алынатын шаралар туралы айтқан болатын. Оған сәйкес:
науқаспен байланыста болған адамдар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі; коронавирусқа қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері бар адамдар және жүкті әйелдер қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі; жабық мекемелер мен қоғамдық көліктерде маска тағу міндеттеледі; 10 және одан көп адам қатысатын жиындар онлайн форматта өткізіледі.