К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қыркүйек 11:00

Алматы облысындағы Елтай ауылында жайлы мектеп ашылды

Алматы облысына қарасты Елтай ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша бой көтерген білім ошағы ашылды. Cалтанатты шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Әкім орынбасары жаңа мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілігімен салынған мектеп 1200 орынға шақталған.  Кабинеттердің барлығы заманауи жиһаз және қондырғылармен жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

 

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ  мектептердің құрылысына жауапты бірыңғай дирекция болып табылады.