Олардың ұйымдастыруымен және барлық жергілікті тұрғындардың қатысуының арқасында қысқа мерзімде ауылдық пошта бөлімшесін аяқтап, іске қосуға мүмкіндік туды.
«Ал енді зейнетақы мен жәрдемақы алу, коммуналдық төлемдерді төлеу және басқа да қызметтер үшін ауыл тұрғындары жаңа пошта байланыс бөлімшесіне жүгіне алады», – деп түсіндірді Сарқан АПБТ басшысы Илимханов Дәулетхан.
20 шаршы метрлік бір қабатты ғимарат халық ағынын ескере отырып, құрылыс стандарттарына сәйкес жобаланған. Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жағдайлар жасалған.
Алматы облыстық филиалының, Сарқан аудандық пошта байланысы торабының және Абай пошта байланысы бөлімшесінің ұжымы ауыл тұрғындарына шын жүректен алғысын білдіріп, бақыт пен амандық тілейді.