К 30-летию Независимости Казахстана | 13 сәуір 09:30

Алматы-Саратов халықаралық пойызы 2 мамырдан бастап қайта қатынайды

Алматы Саратов арасындағы халықаралық пойыздың жұмысы қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлады Rail-news.kz.

2023 жылдың 2 мамырынан бастап «Алматы-Орал» бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы Саратов қаласына дейін қатынайтын болды. Құрама күнара жүреді: Алматыдан 2 мамырдан бастап жұп күндері, Саратовтан 5 мамырдан тақ күндері.

Билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы немесе «ҚТЖ билеттері» қосымшасы арқылы алуға болады. Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы анықтаманы 1433 телефоны арқылы және Bilet.railways.kz сайтынан тегін ала аласыз.