К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қазан 15:25

Алматыда 14 мың абонент «Қазақтелекомның» «оптикалық» қызметтерін таңдады

Бірнеше жыл бойына еліміздің ірі телеком-операторы желілерді жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыра отырып, клиенттерді заманауи оптикалық-талшықты байланыс желілеріне 100% ауыстыру арқылы ескірген мыс желілерін пйдаланудан бас тарту ниетінде. Ауыстыру саны бойынша Алматы көш бастап тұр – оңтүстік астанада жоба басталғаннан бері 14 мыңнан астам абонент «оптикаға» ауысты.

Республика бойынша мыс желілердің ұзындығы 53 мың шақырымнан асады және көбіне мыс кәбілі қазірдің өзінде салынған талшықты-оптикалық байланыс желіжолдарымен «іргелес» жатыр. Компания клиенттері үшін бір мезгілде «мыс» және «оптика» қызметтері қолжетімді.

«Абоненттердің күнделікті өтініштерінің 70%-ы ескірген мыс ADSL технологиялары бойынша байланыс сапасының нашарлауымен байланысты. Заманауи технологияларға ауыстыру бұл проблеманы жоюға көмектеседі. Телекоммуникация желілерін жаңғырту бағдарламасы – компанияның басымдылық алып отырған жобаларының бірі, телеком-оператор бастаманы республика өңірлерінде өрістетеді», – дейді «Қазақтелеком» АҚ ««Желі» дивизионы» бірлестігінің сапа жөніндегі директоры Шыңғыс Құсқамбасов.

Бастаманың қолға алғаннан бастап оңтүстік астанада он төрт мыңнан астам абонент ауыстырып қосылды, «оптикаға» көшу саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Ауыстырып қосу саны бойынша екінші орында Павлодар өңірі тұр, онда 8000-нан астам ауыстырып қосу тіркелген, Солтүстік Қазақстан облысы бастапқы үштік ішінде, мұнда мыстан «оптикаға» 6000-нан астам ауыстырып қосу тіркелген.

Клиенттерді ауыстыру бірнеше дәйекті кезеңдерде жүзеге асырылады, мұнда маңызды бөлікті мақсатқа лайық техникалық шешімдерді зерттеу, талдау және іздеу алады. Үйдің орналасуына, телеком-оператор орналастырған оптикалық желілердің жақындығы мен қолжетімділігіне байланысты «Қазақтелеком»әртүрлі баламаларды қарастырады: дауыстық шлюздерді немесе ONT терминалдарын орнату, талшықты-оптикалық байланыс желіжолдарын салу және төсеу.

«Ауыстырып қосудың 80%-ыжүргізілген техникалық мүмкіндікті тексеруге – «барлауға», кәбіл кәрізінің жай-күйін зерттеуге, экономикалық тиімділікті есептеуге байланысты. Осыдан кейін компания клиенттерге «оптикаға» ауыса отырып, компанияның ағымдағы қызметтері спектрін кеңейту қолжетімділігі туралы міндетті түрде хабарлайды. Абоненттердің «нақты»ауысуы міндетті түрде тұрғындардың келісімімен және ПИК немесе МИБ рұқсатымен жүзеге асырылады. Тұрғындардың тізімін жасаған соң компанияның техникалық қызметкерлері мен ПИК арасында жұмыстарды жүргізу күні мен уақыты туралы уағдаластық жасалады», – деді «Қазақтелеком» АҚ««Желі» дивизионы» бірлестігінің Қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов.

Жаңа технологияларға көшкеннен кейін компания клиенттеріне телеком-оператордың цифрлық қызметтерінің спектріне: 500 Мб/с дейінгі жылдамдықтағы Ethernet бойынша интернет, 200-ден астам телеарналар ассортименті мен Full-HD бейне айқындығы бар iD TV теледидары, TV + цифрлық сервисі және телефонияға қолжетімділік ашылады.

Қазан айының басындағы жағдай бойынша шамамен 63000 абонент ауыстырып қосылды, жыл соңына дейін компания тағы 30 000-нан астам клиентті «оптикаға» ауыстыруды ойға алып отыр.