Халықаралық көрме жобасына «Самұрық-Қазына» қоры мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қолдау көрсетті.
«Қазақстандық көрерменді көрнекті суретшілердің шығармаларымен таныстырып, еліміздің мәдени ортасын дамытуға үлес қосатын осындай ауқымды жобаларға қатысу біз үшін маңызды», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Экспозицияға ХХ ғасырдағы орыс өнерінің 30 туындысы қойылған. Олардың қатарында Борис Кустодиев, Александр Дейнека, Петр Кончаловский, Илья Машков және басқа да танымал суретшілердің еңбектері бар. Третьяков галереясының туындылары соңғы рет Ә. Қастеев атындағы музейде 1993 жылы көрсетілген.
Бұған дейін Samruk-Kazyna Trust жобалары аясында музейде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи арт-зертхана ашылды және 3D-турмен жаңартылған сайт іске қосылды. Көрмені ұйымдастыруға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ресейдің Мәдениет министрлігі де атсалысты.
Көрме 2027 жылғы 17 қаңтарға дейін жалғасады.