К 30-летию Независимости Казахстана | 29 маусым 10:10

Алматыда Даун синдромы бар балаларға арналған «Күншуақ» орталығы ашылды

Оған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қолдау көрсетті.

Бүгін Алматыда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қолдауымен Даун синдромы бар балаларға арналған «Күншуақ» орталығы ашылды.

Жоба аясында балалардың ой-санасын дамытып, оңалтатын құрал-жабдықтар алынды. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік мамандар тартылып, ерекше балалардың ата-аналарына кеңес берілді. Жобаның жалпы бюджеті – 100 миллион теңге.

 

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов орталықтың қоғамға берер пайдасы мен маңызын атап өтті.

«Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде орталық заман талабына сай жабдықталып отыр. Қор балаларға байланысты бастамаларды әрдайым қолдап келеді. Мәселен, өткен жылдан бері 73 мыңнан астам балаға түрлі бағыттағы көмек көрсетілді. Жаңа орталық ерекше балаларымызға және олардың ата-анасына көп көмегін береді деп сенемін», – деді ол.