К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қыркүйек 09:20

Алматыда ҚТЖ ұсынысы бойынша үшінші теміржол вокзалы салынады

Алматыда Боралдай елді мекенінде үшінші теміржол вокзалы пайда болады. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихаты XXV сессиясының отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев хабарлады.

Үшінші Алматы вокзалының құрылысын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұсынған болатын.

Мұхит Әзірбаевтың сөзінше, мұндай бастама жолаушылар ағынының жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Қазір Саин көшесі жол салып жатқан Боралдай ауданындағы негізгі жолдарды төсеу жоспарланып отыр. Жаңа вокзал Алматының бүкіл батыс аймағын қамтиды. Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындары Екінші Алматы бекетіне тоқтамай, уақытын үнемдей отырып, қалаға қатынайтын болады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Оның айтуынша, үшінші вокзал жүктемені түсіреді және Баум тоғайы арқылы екінші тармақ салудың қажеті болмайды.