Бұл қайырымдылық акциясы шамамен 15 мың балаға, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналып отыр. Жоба мектепке дайындық кезеңінде отбасыларға қаржылық салмақ болмас үшін бірінші сыныпқа баратын оқушыларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейді.
«Алматы ЖЭТ» филиалының жас мамандары да оқушыларға арналған оқу-құралдары бар рюкзактарды дайындауға қатысуда. Әрі қарай бұл рюкзактар өңірлерге жеткізілетін болады.