К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қазан 17:47

Алматыда Орталық Азия электр энергетикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Тараптар отырыстың хаттамасына қол қойды, деп хабарлады KEGOC АҚ баспасөз қызметі. 

Алматыда Орталық Азия электр энергетикалық үйлестіру кеңесінің 42-ші отырысы өтті. Онда Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келген энергетикалық ұйымдардың басшылары 2024 жылдың өткен кезеңіндегі Орталық Азия Біріккен энергожүйесінің (ОА БЭЖ) жұмыс қорытындыларын және алдағы 2024-2025 күзгі-қысқы кезеңде күтілетін жұмыс режимін талқылады.

Тараптар тұрақты энергиямен жабдықтау және Орталық Азия мен Ресей энергожүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларға ерекше назар аударды.

 

Жиын қорытындысы бойынша Орталық Азия Электр энергетикалық үйлестіру кеңесінің 42-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.