Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің, сондай-ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің өкілдері конференцияда тарифтік саясатты талқылайды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2025 жүк жылына арналған халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған теміржол тарифтік саясатын қабылдайды.