К 30-летию Независимости Казахстана | 03 сәуір 10:28

Алматыдан Қарағандыға 6000 теңгеге ұша аласыз

2 мамырдан бастап FlyArystan әуе компаниясы Алматыдан Қарағандыға күнделікті сапарын орындауға кіріспек. 180 орынды Airbus A320 әуе лайнерінде орындалатын тұрақты рейстердің құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 5999 теңгеден басталатыны хабарланып отыр.     

Ұзақтығы 1 сағат 30 минут болатын билеттер сатылымы www.flyarystan.com жүргізіледі.

Алматыдан Қарағандыға және де кері қайтатын билеттерден бөлек, FlyArystan өзінің жолаушыларына қосымша жүк, борттық тағамға тапсырыс беру, басымдықта отырғызу және басқа қызмет түрлерін ұсынады.

«Қазақстанның төртінші ірі қаласы – Қарағандыға рейстер жоғары сұранысқа ие екені көпшілікке мәлім. Бұдан былай оңтүстік астанадан Орталық Қазақстанға жету әлдеқайда жеңіл, әрі арзан болады. Отандастарымыз бірінші лоукостердің жұмысын жоғары бағалайды деген сеніммен, 2 мамырдан бастап тұрақты рейстерді орындайтынымыз туралы қуана хабарлаймыз», - деп мәлімдеді FlyArystan-ның сату мен маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Ескерте кетерлігі, аталмыш әуе компаниясы, барша жолаушыларға flyarystan.com ресми сайтында жарияланған тариф ережелерімен мұқият танысуға кеңес береді.