К 30-летию Независимости Казахстана | 04 сәуір 12:55

Алматыдан Маңғыстау облысына теміржол арқылы сәлемдемелерді жеткізу мерзімі екі есеге жуық қысқарды

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап “Алматы - Маңғыстау” қатынасындағы №77/78 жолаушылар пойызы құрамында пошта вагоны да болады, онда 10 тоннаға жуық пошта жөнелтілімдері (хат-хабарлар, сәлемдемелер, хаттар) Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Шалқар, Бейнеу және Маңғыстауға жеткізіледі.

Жобаны "Қазақстан темір жолы" АҚ "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асыруда. Ол сәлемдемелерді жеткізу мерзімін екі есе азайтады. Бұрын сәлемдемелер алдымен Ақтөбе облысына келіп, онда сұрыпталып, Маңғыстау облысына жіберілетін, оған 7-10 күн қажет болатын. Жаңа маршруттың арқасында жөнелтілімдерді жеткізудің жалпы мерзімі 3-4 күнге дейін қысқарады.

Арнайы вагоны пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған және жабдықталған. Тасымалдауға қауіпті салымдардың (заттардың) жоқтығына тексеруден өткен пошта жөнелтілімдері ғана жіберіледі.