К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қаңтар 10:30

Алматыэнергосбыттың жаңа аудандық бөлімшесі ашылды

Алматы облысы Райымбек ауданының әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің жаңа аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесінің ресми ашылды.

Алматы облысы Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылы жаңа әкімшілік орталықтың құрылуына байланысты ондағы тұтынушыларға қызмет көрсетудің қолжетімділігі үшін ашылған бөлімшеге Райымбек АЭЖБ атауы берілді.

Тұрмыстық және заңды тұтынушылар АЭЖБ-ге электр энергиясы қатысты кез келген мәселелермен жүгіне алады , сондай-ақ шот төлемдерін салыстыру, көрсеткіштерді қабылдау, есеп айырысу және заңды тұлғаларға шоттарды беру бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары қарастырылып, заңгерден электрмен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

 

Алдағы уақытта «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жаңа бөлімшенің меншікті ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Алматы облысының Райымбек ауданында 7000-ға жуық тұрғын тұрады және 280 заңды тұлға тіркелген.