Көлік министрлігі мен "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы жаңа оқу жылы қарсаңында студенттердің Алматыға жаппай жолға шығуына байланысты Ақтау және Атырау қалаларынан Алматыға қатынайтын пойыздарға қосымша вагондарды қосады.
Қосымша вагон қосылатын пойыз бағыттары:
Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді. Атырау-Алматы бағытында теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16, 18, 20, 22 тамызда қатынайды.Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.
"Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды. Теміржол және су көлігі комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды", – делінген министрліктің хабарламасында.