К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қараша 08:23

Алматыны айналып өтетін темір жол құрылысы басталды

Теміржол төсемінің бірінші буынын төсеу рәсіміне ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы өсіп келе жатқан теміржол жүк тасымалы 2022 жылы 23 млн тоннаға жетіп, тарихи максимумнан асты. 2023 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 22% өсті.

Тасымалдардың тез өсіп келе жатқан көлемі жағдайында негізгі халықаралық маршруттардың қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабы жүктемені бастан кешуде.

 

Жобаны іске асыру Алматы станциясын айналып өтіп, Жетіген – Қазыбек бек жаңа темір жолына жүк ағынын қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Жаңа тармақ Алматы торабындағы жүктемені 40% төмендетеді және жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады.

Құрылыс барысында 130 км темір жол тартылса, оның ішінде негізгі жол 77 км құрайды, 3 бөлек пункт, 13 көпір, 5 темір жол және 1 автомобиль өткелі салынады. Ол үшін отандық өндірушілерден шамамен 228 мың бірлік шпал, 16 мың тонна рельс сатып алынады.

 

Магистраль құрылысы шамамен 1400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Отандық өнімнің үздіксіз экспортын және жүктер транзитін қамтамасыз ету үшін ҚТЖ инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткізу қабілетін арттыру үшін Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынуда. Жақын арада Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз теміржол желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда. Үш жыл ішінде ҚТЖ 1300 шақырымнан астам теміржол салады.