К 30-летию Независимости Казахстана | 16 тамыз 10:49

«Алтыналмас АК» операциялық шығындарды 15%-ға қысқартады

«Алтыналмас АК» АҚ SAP S/4HANA және модельдік компаниялардың шешімі негізінде бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша ауқымды жобаны іске қосты. Жобаны SAP Services CIS сарапшылар командасы күрделі пандемия жағдайында өте қысқа мерзімде іске асырды.

Жұмыс Agile әдіснамасын қолдану арқылы толығымен қашықтықтан жүргізілді, бұл жобаны басқа әдіснамаларға қарағанда екі есе жылдам іске қосуға мүмкіндік берді. Болашақта жаңа шешім операциялық шығындарды 15%-ға, айналым капиталын 5%-ға оңтайландыруға, сондай-ақ дағдылы операцияларды 20-30%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

2017 жылы компанияда жаңа инфрақұрылым мен жаңа операциялық модельді пайдалана отырып, бизнесті қайта ұйымдастыруға және бизнес-процестерді стандарттауға бағытталған жаһандық цифрлық трансформация жобасы басталды. Тарихи ақпараттық жүйе деректер көлемін игере алмады және өндіріс процестерін қамтымады, сондықтан оны ауыстыру туралы шешім қабылданды.

«SAP шешімі деректерді төмен деңгейлі өнеркәсіптік жүйелерден жинақтайтн жоғарғы деңгейлі платформаға айналды. Осы деректерді талдау негізінде компания мамандары салмақты шешімдер қабылдап, процестерді оңтайландыра алады, сондай-ақ нақты уақыт режимінде қысқа уақыт аралығында барлық процестерді бақылау қажет кен өндіру кәсіпорны жағдайында жүзеге асыру өте қиын болатын дұрыс бюджеттеу мен жоспарлауды іске асыра алады. Шешімді таңдау кезінде біз үшін басты критерийлер: SAP стандартты функционалдылығын барынша пайдалана отырып, үздік жаһандық және салалық практикаларды қолдану, Қазақстан заңнамасының стандарттары мен талаптарына сәйкес оқшаулау, шешімнің ауқымдылығы болды», – деп атап өтті «Алтыналмас АК» АҚ IT және корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті Жанар Аманжолова.   

 

Жоба екі жылға есептелген, үш жүйелі толқынмен енгізіледі және 2022 жылы аяқталады.

Бірінші толқын қаржы және пайдалы қазбаларды өндіру үшін екі модельді компания базасында басталды, ол қаржылық есепке алу, персоналды басқару және өндірістік есепке алу процестерін қамтыды. Екінші толқын жылжымалы және көлемді жоспарлау, сату және операциялар, бюджеттеу, ТҚжЖ автоматтандыру процестеріне бағытталған. Үшіншісі – бизнес-талдау мен визуализацияға, сондай-ақ экология бойынша жобаларға арналды.

Жаңа ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жаңа бизнес-процестерді бастау «Алтыналмас АК» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретін төрт компанияда («Алтыналмас АК» АҚ, «Алтыналмас Technology» ЖШС, «Алтыналмас Сауда Үйі» ЖШС, «Ақсу Technology» ЖШС), жеті кеніште («Ақбақай», «Бескемпір», «Пустынное», «Долинное», «Ақсу АТКЖ», «Андасай», «Олимпийское»), сондай-ақ, «Ақбақай» және «Долинное» алтын өндіру фабрикаларында, «Пустынное» байыту фабрикасында және «Алтыналмас Technology» қымбат металдарды шығару зауытында орын алды. Шешімдер қабылдау процестерін және барлық басқару функцияларын одан әрі функционалдық дамыту және автоматтандыру үшін цифрлық негіз қалыптастырылды. Масштабталатын шешім деректердің бірыңғай моделімен жұмыс істейді және MES-жүйелермен ықпалдастыруға дайын. Қазір оны шамамен 600 адам пайдаланады, алдағы уақытта пайдаланушылар саны 2 мыңға дейін артады.

«Алтыналмас АК» АҚ тау-кен өндіру кәсіпорны ретінде ел экономикасына елеулі әсер етеді, ол мемлекетпен де, нарықтың ішкі және сыртқы қатысушыларымен де өзара іс-қимыл жасайды. Компанияға талдау, терең талдау, сценарлық модельдеу үшін деректерді басқарудың дамыған жүйесі қажет. SAP шешімдері базасында жаңа бизнес[1]модельді енгізу кез келген экономикалық жағдайда тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді, жоспарлаудың қажетті икемділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді, бизнестің өсіп келе жатқан көлемін қолдайды. Жобаның басынан бастап алдымызға бизнес пен АТ-трансформацияның алдағы көлемдері тұрғысынан да, мерзімдері тұрғысынан да өте өршіл міндеттер қойылды. Оларды шешу үшін жобаны іске асырудың ерекше тәсілі әзірленді, енгізу әдіснамасы ретінде Agile қағидаттарын қолдану арқылы SAP Activate пайдаланылды. Осындай комбинацияның арқасында 100% қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында да әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді», – деді SAP CIS консалтинг және қолдау жөніндегі директоры Андрей Шарак.