Жұмыс өнімділігін арттыру үшін ысырапсыз көзқарас мәдениетін қалыптастыруды көздейтін жобаға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасынан 60 қатысушы іріктелді. Олардың қатарында қаражанбастық 7 мұнайшы бар. Қазір «алыптықтар» үш топқа бөлініп, үш модульдік оқуды бастап кетті.
Алғашқы модульде қатысушылар құндылық пен ысырап ұғымдарының мәнін толық ашып, «Ысырапсыз көзқарастың» Қазақстан мен шетелдегі қолдану кейстерін салыстырды. Екінші модуль өзара тиімді іс-әрекет пен жеке тиімділік негіздерін игеруге бағытталған. Қазір олар өкілетсіз сендіру, берік қарым-қатынас орнату, топпен жұмыс, жеке тиімділік және құқықтық сана бағыттары бойынша білімін толықтырып жатыр.
«Алып» - өндірістегі технология мен жабдықтарға қатысты проблемалардың тиімді шешімін тауып, жұмысшылардың дамуына басымдық беретін бірегей бағдарлама. Оқытудан соң мұнайшылар өз мекемесі ішінде ысырапты азайтып, еңбек жағдайын жақсартуға арналған жобалар дайындауға кіріседі.