«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) еншілес кәсіпорны — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС электрондық наряд-рұқсат жүйесін енгізді. Жаңа цифрлық шешім өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және аса қауіпті жұмыстардың орындалуы кезінде бақылауды күшейтуге бағытталған.