REACH регламентіне сәйкес, Еуроодаққа жылына 1 тоннадан артық импортталатын кез-келген химиялық зат тіркелуі тиіс. Осылайша REACH сертификациясы қазақстандық кәсіпорынның экспорттық әлеуетін дамытудағы маңызды қадамның бірі болып табылады. Тиісінше, АМӨЗ енді Еуроодақ елдеріне бензин тасымалдаушы ретінде ресми түрде тіркелді.