К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қаңтар 11:35

АМӨЗ-ге жаңа бас директор тағайындалды

Ғалымжан Жусанбаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.

Мұрат Досмұратовтың кәсіпорын басшысы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Ғалымжан Омарұлы мұнай-химия саласында 2005 жылдан бастап қызмет істеген. Сол жылы «ТЭК- Алматы» ЖШС-ында, «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ мұнай өнімдерімен және көмірмен қамтамасыз ету ісімен айналысқан.

«SAT Operating Aktau»  мұнай-химия зауыты ЖШС-інде Бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған. 2010-2011 жылдары Қазақстан - Иран елшілігінде мұнай-химия саласымен айналысқан. Елшінің  экономика бойsнша орынбасары болған. Ал, 2011 жылы мұнай мен мұнай өнімдерін сақтаумен айналысатын «Petro Export» ЖШС-ына келген.