К 30-летию Независимости Казахстана | 07 тамыз 11:33

АМӨЗ жарты жылда 2,6 млн тоннадан астам мұнай өнімін шығарды

Атырау мұнай өңдеу зауытының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызметі қорытындылады.

Көрсеткіштерге сәйкес қаңтар-маусым аралығында кәсіпорында 2,9 млн тонна шикі мұнай өңделді. Тауарлық өнім шығару көлемі 2,6 млн тоннаны құрап, өндіріс жоспары 101%-ға орындалды.

Мұнай өңдеу тереңдігі 86,6% құрады. Өңделген шикізаттың жалпы көлеміндегі ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі – 68,6%.

Еске сала кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауыты тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Кәсіпорында өндірілетін бензин мен дизель отыны К-4 және К-5 экологиялық класс талаптарына сәйкес келеді.