К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қазан 13:00

АМӨЗ жоспарлы-алдын алу жұмыстарына 2 мыңнан аса адам тартылған

Кәсіпорын 2024 жылдың қазан айының соңына дейін тұрақты режимге шығады.

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы-алдын алу жұмыстарына 2 мыңнан астам қызметкер және 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылды.

 

Еске сала кетсек, аталмыш жұмыстар 1 қазаннан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай жүргізілуде.

Кәсіпорын 2024 жылдың қазан айының соңына дейін тұрақты режимге шығады деп жоспарланып отыр.