К 30-летию Независимости Казахстана | 08 ақпан 09:15

АМӨЗ крекинг қондырғысында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты қазіргі кезде каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқандығын хабарлайды. Қалпына келтіру жұмыстарына арнайы құрылған жедел штабтан бөлек каталитикалық крекинг процесінің лицензиары – Axens компаниясының мамандары да қатысып жатыр.

Лицензиар жүргізген тексерудің нәтижесіне сәйкес жедел штаб келесідей жұмыс кестесін белгіледі:

18 ақпан — жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы; 18-22 ақпан аралығында — іске қосу жұмыстары.

Каталитикалық крекинг қондырғысы толық жұмыс режиміне 23 ақпанда шығады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, осы жылдың 1 ақпанында Атырау мұнай өңдеу зауыты регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын тоқтатты. Ақаулар анықталған соң «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасымен қондырғының жұмысын қалпына келтіру бойынша жедел штаб құрылды. Штабқа ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов жетекшілік етуде.